Хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты наурызда басталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты наурызда басталады
ашық дереккөз

Бұл чемпионатта жүлде үшін бес ұжым: алматылық «Айсұлу», нұр-сұлтандық «Томирис», өскемендік «Торпедо», Алматы облысының «Барыс» командасы, алматылық «Жұлдыз» күреседі. Айта кетсек, чемпионат ойындары «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар қатаң сақтала отырып, көрерменсіз өтеді.