ҚХА Нұр-Сұлтан қалалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Жиында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және этносаралық қатынастар саласындағы Модельдік ведомствоаралық жоспарды іске асыру мәселелері талқыланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту жолында үлкен рөл атқарып келеді. Осы бағдарламаның салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық, отаншылдық, адамгершілік құндылықтарымыздың жоғары бағалануына айрықша әсер етіп жатқанын білесіздер. Бұл ретте елордада «Рухани жаңғыру» орталықтары ашылған болатын. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі де меценаттармен үлкен жұмыстарды атқару үстінде. Бүгінгі іс-шара осының үлкен айғағы деп айтуға болады», – деді Бақтияр Мәкен. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары «Біз біргеміз» акциясы аясында волонтерлер мен меценаттардың елордадағы тұрмысы төмен отбасыларға үлкен көмек көрсетіп жүргенін атап өтті.