Алтай Көлгінов «Nur-Sultan Open 2021» чемпионатының ашылу салтанатына қатысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов «Nur-Sultan Open 2021» чемпионатының ашылу салтанатына қатысты
ашық дереккөз

Шарада алғашқы болып сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барша спортшыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, елордалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті Алтай Көлгінов жаңа спорт кешеніндегі алғашқы чемпионатқа қатысып жатқан жеңіл атлетшілерді құттықтады. «Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасында бұқаралық спортты дамытуды, жастар мен жасөспірімдерді көбірек спортқа тарту керектігін айтқан болатын. Бұл ретте біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасайтын боламыз. Осы спорт кешенінің ашылуында Елбасы қатысқан болатын. Сонымен қатар Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті де осы кешенде болған кезінде мұнда әлемдік деңгейдегі жарыстарды, Азия, әлем чемпионаттарын өткізу керектігі туралы ұсыныс айтты. Біз бұған әрдайым дайын болуымыз керек. Оған толық негіз де бар. Әсіресе жастар арасында спортта жетістікке жетіп жүргендер баршылық. Әрі қарай да жетістіктерге жетіп, еліміздің көк байрағын биікте желбірете беріңіздер», – деді Алтай Көлгінов. [caption id="attachment_64305" align="alignnone" width="1274"] Суретті түсірген: Сұлтан Сейітов[/caption] "Nur-Sultan Open 2021" чемпионатына ұзындыққа секіру, жылдам жүру, жүгіру сияқты жеңіл атлектиканың бес түрі бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының 170-тен аса спортшысы қатысуда. [caption id="attachment_64306" align="alignnone" width="1279"] Суретті түсірген: Сұлтан Сейітов[/caption] 12 ақпан күні басталған чемпионат 13 ақпан күні мәресіне жетеді. Мамандардың айтуынша, осы жарыста үздік шыққан спортшылар арасында Қазақстан құрамасына іріктеу жүргізіледі. Айта кетсек, чемпионат барысында барлық санитарлық талаптар сақталады.