Елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112354413621378.webp)
ашық дереккөз
1 ақпаннан бастап елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцинация бойынша 1 500-ден астам медицина қызметкері оқытылды. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, оның ішінде жедел медициналық жәрдем станцияларында, реанимацияда, санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтін мамандар вакцинацияланады. Келесі кезеңде - мектеп мұғалімдері, ЖОО педагогтары, полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері және т.б. қабылдайды. Ресейлік "Спутник V" вакцинасы екі компонентті: 1-компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі. Бүгінгі таңда 1-компоненттегі вакцинация аяқталуда.
Ұқсас жаңалықтар