Қоғамдық кеңес құрылғаннан бері 92 отырыс өтті – Сансызбай Есілов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қоғамдық кеңес құрылғаннан бері 92 отырыс өтті – Сансызбай Есілов
ашық дереккөз

«Қоғамдық кеңес құрылғаннан бері 92 отырыс өтті. Онда 432 мәселе қаралды. Ал Қоғамдық кеңес құрамы жаңартылған 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін 34 отырыс өткізіліп, 132 мәселе, сонымен қатар 135 нормативтік-құқықтық акт талқыланды. Қала әкімдігі барлық нормативтік-құқықтық актті қалалық мәслихатқа жібергенге дейін Қоғамдық кеңестің қарауына береді. Онда біз өз тарапымыздан қажет кезінде тиісті түзетулер, ескертпелер, ұсыныстар енгіземіз. Айта кету керек, Қоғамдық кеңес әкімдікпен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Бұл ретте азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер назарымыздан тыс қалмайды», - деді ол.