Елордалық Қоғамдық кеңес ақылы автотұрақ мәселесін қалай шешті – төраға жауабы
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Біз көптеген маңызды мәселелерді талқыладық. Мысалы, ақылы автотұрақ туралы айтатын болсақ, әкімдік жеке фирмамен келісімшартқа отыру арқылы бұл жобаны жүзеге асырған болатын. Бұл автотұрақтар Нұржол желекжолы мен Қонаев көшесінің бойында орналасқан. Алайда мұндай ақылы автотұрақтар қаланың көптеген жерінде пайда бола бастады. Автоматтар орнатылды. Содан көлік жүргізушілері ақша төлеу керектігін немесе төлемеу керектігін білмей, шатаса бастады. Тұрғындар тарапынан да алаңдаушылық болды. Осы ретте Қоғамдық кеңес қаладағы құзырлы органдар мен басқа да ведомство басшыларын тартып, арнайы топ құрып, бұл мәселенің шешімін қарастырды. Нәтижесінде бұл автоматтарды алып тастауға қол жеткіздік. Қоғамдық кеңестің араласуының арқасында осы сияқты басқа да бірқатар мәселелердің шешімі табылды», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар