Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына креативті ойлайтын жастар қабылданды – Есілов
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына креативті ойлайтын жастар қабылданды – Есілов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112356228016595.webp)
ашық дереккөз
«Бастапқыда Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесіне сенімсіздік болғанын жасырмаймыз. Алайда тұрғындардың пікірін естіп отырамыз. Жалпы, осы уақыт аралығында Қоғамдық кеңес еліміз үшін, елорда үшін өзінің маңызды рөлін қалыптастырды. Қазіргі уақытта Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі бар. Басында кеңес құрамында 25 адам болған. Әртүрлі себптермен төрт адам мүшеліктен шығып кетті. Жалпы, кеңеске қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мүшелікке қабылданған болатын. Қоғамдық кеңес құрамы жаңартылып, онда бұрынғылардан тек 36 пайыз қалдырылды. Жаңа құрамға креативті ойлай білетін жастар қабылданып, олар Қоғамдық кеңеске жаңа импульс әкелді деп айтуға болады. Әртүрлі бағыт бойынша үш комиссия құрылды. Олар қалалық әкімдікте қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді қарап, өздерінің ұсыныстарын айтады. Одан кейін біз оны Қоғамдық кеңестің отырыстарында талқылаймыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.
Оның айтуынша, елордадағы газификация, қоғамдық көлік қозғалысы, автотұрақ орындары, оқу жылының басында білім мекемелерінің дайындығы, пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралмауын қадағалау сияқты түрлі мәселелер Қоғамдық кеңес алаңында талай мәрте талқыланған.
Ұқсас жаңалықтар