Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты
ашық дереккөз

Қазақстандық жұп алғашқы айналымда италиялық Сальваторе Карузо – фин Эмил Руусувуоримен күш сынасты. Бірінші партия тағдыры тай-брейкте қазақстандықтардың пайдасына шешілді – 7:6 (8:6). Бублик пен Голубев екінші сетте де есесін жіберген жоқ – 7:5. Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды. Қазақстандық жұп екінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 1-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарахпен шеберлік байқасады.