«Antikor ortalygy» алаңында Есіл ауданының даму перспективалары айтылды
Алдымен әкім Есіл ауданының аумағында «Астана – адалдық алаңы» жобасының іске асырылуы туралы, атап айтқанда «OPEN AKIMAT» тұжырымдамасы туралы айтты. Онда тұрғындарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі, азаматтар электрондық кезек тәртібімен ХҚКО, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй қоры, халықты жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік кірістер басқармасы, «Атамекен» ҰКП және аудан әкімдігі қызметкерлерінен мемлекеттік қызметтерді тегін ала алады. Айта кету керек, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «OPEN AKIMAT» аймағы ашылғаннан бері «OPEN AKIMAT» енгізілуіне байланысты 18 800-ден астам қала тұрғынына көмек көрсетілді. Есіл ауданының әкімдігі басқару мәдениетінің жаңа стандарттарына көшу бойынша жұмысты табысты ілгерілетуде. Көлік құралдарына, мүлікке және жер салығына, азаматтық хал актілерін тіркеуге, тұрғын үй, жұмыспен қамтуға қатысты және басқа да мәселелер тұрғындар арасында өте өзекті болып саналды. 2019 жылмен (16 581 мемлекеттік қызмет) салыстырғанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 30 пайызға артқаны байқалады. Жалпы, ашықтық қағидаттарына негізделе отырып, 2019 жылы «Бюджетке қатысу» жобасы енгізілді. Есіл ауданында барлық шешімдер қоғамдық тыңдаулар, халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін қабылданады, «Ikomek109» сall–орталығының жұмысына талдау жүргізіледі. Мәселен, 2020 жылы 31 жоба қарауға енгізілді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің қарау нәтижелері бойынша 183 млн теңге сомасына 8 жобаны іске асыру шешілді. Биыл бұл тәжірибе кеңейтіліп, жалғастырылатын болады. Сондай-ақ Есіл ауданының шеткі аймақтарының тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Үркер» тұрғын үй алабында әкім инспекторының қосымша кабинеті ашылды. Осы жылдың ақпан айындағы есеп беру кездесулерінде 200-ден астам өтініш түсті. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында өтініштерді қарау және орындау бойынша арнайы жоспар әзірленіп, мерзімдері бекітілді. Бұл шаралар ауданның жүйелі жұмысына ықпал етеді. Сонымен қатар аудан әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткен жылдан бастап «Адал көмек» жобасы аясында жұмыс жүргізіліп жатқанын, онда әкімдік қызметкерлері тұрғындарды толғандыратын ТКШ, аудан инфрақұрылымы, санитарлық тазалау, абаттандыру, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік сынды мәселелер бойынша онлайн кеңестер өткізетінін айтты. Эфир барысында аудан басшысы Есіл әкімдігінің 2020 жылы атқарған жұмысы және биылға арналған жоспарлары туралы айтты. Диалог барысында Берік Жәкенов желі қолданушыларының сұрақтарына да жауап берді. Мысалы, тұрғын үй алабын су басуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты аудан әкімі «Үркер» тұрғын үй алабында екі мердігер ұйым жұмыс істейтінін айтты. Қар полигонға тәулік бойы шығарылады. Күн сайын 5 бригада және 20 самосвал жұмыс істейді. Өткен жылдың күзінде ұзындығы 8.5 км үйінді бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. 15 ақпаннан бастап су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қар барынша шығарылады. Сондай-ақ аудан әкімі оңалту орталығының ашылуына қатысты сұраққа жауап берді. «Үркер» тұрғын үй алабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін үй-жай қажет. Үй-жай бөлуге жәрдем көрсету бойынша «Астана» ӘКК-ге өтініш жолданатын болады. Биыл «Үркер» аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда. Осы кешен негізінде осы әлеуметтік жобаны іске асыру мәселесін қарастыруға болады", - деді ол.