АҚШ-та фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы алғашқы алтынға ие болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ-та фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы алғашқы алтынға ие болды
ашық дереккөз

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева әйелдер арасында үздік атанды. АҚШ өкілі Авиталь Кэрол екінші болса, оның отандасы Элизабет Лэми де жеңімпаздар қатарына қосылды. Қазақстан құрамасының өкілі Аяулым Әмренова 15, Анастасия Городко 41-орындардан көрінді. Ал ердер арасындағы бәсекеде жүлделі орындарды АҚШ спортшылары өзара бөлісті. Джоэл Хедрик көш бастаса, Коул Макдональд күміс, Алекс Льюис қола медальға ие болды. Қазақстандық Павел Колмаков жетінші, Сергей Романов он бесінші және Антон Бонжарев жиырмасыншы орындарға тұрақтады.