Мектептер көбейсе, сапа артады - мұғалім
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мектептер көбейсе, сапа артады - мұғалім](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112354827632255.webp)
Сонымен қатар ол елордадағы мектептер жайлы пікірін білдіріп өтті. "Қазіргі таңда астанада 150 мыңнан астам бала мектепке барады. Жыл сайын мектепке баратын оқушылардың саны орташа есеппен 15-18 мыңға артуда. Сол себептен, елорда мектептерінің көбі 3 ауысымда оқытуды жүргізеді. Еліміздің бас шаһары болғандықтан да қаламызда көші-қон, халық саны жыл өткен сайын артып келеді. Аталған әлеуметтік мәселе ең бірінші мектептерге салмақ түсіруде. Салдарынан мұғалімдердің жүктемесі көбейеді. Ал сапаға емес санға жасалған жүйесіз білімнің соңы жақсылыққа апармайды. Елорда әкімі бұл мәселені уақыт өткізбей шешуді қолға алып отыр. Алтай Көлгінов өз сөзінде "былтыр 11 мектеп салынды" деді. Бұл мектептердің барлығы да көріп жүргеніміздей бұрын мектеп болмаған тұрғын алаптарда салынды. Бұл қаланың шеткі аймақтары үшін, балалардың жол қатынасы үшін айтарлықтай қолайлы", - деді ол. "Қазір қаламызда заманауи типтік жобадағы мектептер ашылуда. Тәжірибелік сабақтар өткізілетін сыныптар жабдықталуда. Интернетке қолжетімділік артты. Енді мектеп директорлары реформаларды сапалы жүзеге асырып, ұстаздарды жұмысқа ынталандыра түсуі тиіс. Биыл жоспарға сай 40 мың балаға 15 мектеп ашылса, үш ауысымды мектептердің саны толығымен қысқарады деп ойлаймын", - деп ойын жалғады. Оның айтуынша пандемия тек оқушылар мен ата-аналарға ғана емес мұғалімдерге де қиындық тудырып отыр. "Алдыңдағы 20 балаға компьютер арқылы сабақ түсіндіру оңай емес. Ал мектепте жүргенде кейбір тақырыптарды толық меңгере алмайтын оқушылар экранның ар жағынан 100 пайыз ұғып-түсініп отыр дегенге илану қиын. Сондықтан мұғалімдер 24 сағат бойы оқушылармен тығыз қарым-қатынастамыз", - деді. "Үй алу үшін бағдарлама көп. Алайда елордада баспаналы болу барлық тұрғынның басты уайымы. Сол тұрғын үй бағдарламаларында табыс көзіне байланысты шектеулер қойылған. Соны әркімнің жеке жағдайы мен қала ерекшеліктерін ескере отырып өзгертсе. Мұғалім мәртебесінің өсуі тек еңбекақысының өсуімен шектелмесе екен. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы «мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ» депті. Ендеше уайымы жоқ мұғалімнің мектебі де, шәкірті де еш қамсыз болмай ма?Жапонияда жер қойнауындағы қазба байлықтары аз болғанымен, дамыған елдердің алдыңғы қатарында. Израильдің даласы құм-тасты бола тұра жоғарғы технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, табысқа жетіп отыр. Әрине, мұның бәрі адам капиталының арқасында. Ал, адам капиталын қалыптастырып, дамыту ұстаздардың қолында. Ендеше, өтпелі кезеңде ұстаздарға мол жауапкершілік жүктеліп отыр", - деп пікірін аяқтады.