Елордада «Театр» желекжолы салынады – әкім
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Театр» желекжолы салынады – әкім](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211235358777947.webp)
ашық дереккөз
«Жаяу жүруге жайлы жағдай жасау қарастырылуда. Бұл әсіресе қаланың ескі бөлігі мен жаңадан салынған көшелерде ұйымдастырылады. Мысалы, биыл «Театр» желекжолы салынады. Яғни ол «Жастар» театры мен Қалибек Қуанышбаев театрының бұрынғы ғимаратының ортасын жалғайтын болады. Осындай басқа да қоғамдық кеңістіктерді дамытатын боламыз. Бұл адамдарға, әсіресе балаларға барынша жайлы болуы керек. Біздің міндетіміз – қаланы барлық адамдарға жайлы болуын қамтамасыз ету», – деді қала әкімі.
Ұқсас жаңалықтар