Әкімнің тұрғындармен кездесуі жаңа форматта өтсе де, мазмұны бұрынғыдай болды – сенатор
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әкімнің тұрғындармен кездесуі жаңа форматта өтсе де, мазмұны бұрынғыдай болды – сенатор](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211235312638781.webp)
Сондай-ақ ол қаладағы азық-түлік бағасына қатысты пікірін де айтып өтті. «Зауыт, мектеп, колледж, университет сияқты қаладағы әртүрлі нысанға барып, тұрғындармен кездескенімде олар қамбатшылық белең алып келе жатқанын айтты. Айтуларынша, олардың жалақыларының 70 пайызына дейінгі мөлшері азық-түлікке жұмсалады екен. Жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы көлемі ұлғайып жатқанмен, тауар бағасы да бір орында тұрмайтыны белгілі. Жалпы, Нұр-Сұлтанды Қазақстандағы ең қымбат қалалардың бірі деуге болады. Бұл тұрғыда Алтай Көлгінов елордадағы кейбір тауарлар бағасының көтерілгенін жасырмады. Есесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы қатаң бақылауға алынғанын, бағаны тұрақты ұстап тұру үшін еліміздің өзге өңірлерінің шаруа қожалықтарымен форвордтық келісімшартқа отырғандарын айтты. Алдағы уақытта да осы мәселеге қатаң көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуы керек деп ойлаймын», – деді Ақылбек Күрішбаев.