2021 жылы 4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады – Алтай Көлгінов
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![2021 жылы 4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады – Алтай Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211235549299908.webp)
ашық дереккөз
«2021 жылы 4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның көп бөлігіне жеке инвесторлар тартылады. Сонымен қатар қолжетімді баспана көбейтіледі. Яғни 10 мың пәтерге дейін артатын болады. Былтыр пайдалануға берілген пәтерлер саны 7 мыңнан астам болған. Мұнда да жеке инвесторлармен және «Отбасы» банкімен бірлесіп жұмыс жүргізетін боламыз. Бастысы, тұрғын үй кезегінде тұрғандар санын азайтуымыз керек. Қазіргі уақытта 48 мың азамат кезекте тұр. Сондай-ақ 18 үлескерлік нысан құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл 7 мыңнан аса үлескердің мәселесі шешіледі деген сөз. Сол сияқты 250 отбасы апатты және ескі үйлерден жаңа пәтерге көшіріледі», – деді елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар