Ескі гараждардың орнына саябақ салына ма – қала әкімінің жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ескі гараждардың орнына саябақ салына ма – қала әкімінің жауабы
ашық дереккөз

Сарыарқа ауданының тұрғыны Bronx тұрғын үй кешенінің маңайында орналасқан ескі гараждар сүрілгенімен, орнына жаңа құрылыс нысаны жүргізілуі мүмкін деген қаупін жеткізді. «Гараждарды бұзу үшін қаражат керек. Мұны екі жолмен шешуді қарастырып отырмыз. Алдымен, егер мемлекеттік нысандар (әлеуметтік немесе халыққа қажетті) салынатын болса, ол гараждарды мемлекеттік бюджеттің есебінен бұзамыз. Егер инвесторлар тартылса, инвесторлардың есебінен бұзылады. Өзіңіз айтқандай, тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер жасау керек. Бұл жөнінде аудан әкімінің өз аузынан естиік», - деп Алтай Көлгінов сөзді Есет Байкенге берді. «Ақерке ТК-1 мен Жамбыл, 8 мекенжайының арасында гараждар бар. Бұл кісінің ұсынысын екі кезең бойынша іске асыруға болады. Бірінші кезең – бекітілген қаулыға сәйкес Ақерке-1 тұрғындарына ойын алаңын салып беру. Тиісті қаржы бөлінсе бірінші кезең биылдан бастап гараждарды сүру көзделіп отыр. Бірақ ар жағында 200-ге жуық гараж бар. Ол жерге балабақша салу жоспарланған болатын. Қазір бұл жоспар өзгеріп, сквер салыну көзделіп отыр. Бірақ оны екінші кезеңде, яғни келесі жылы қаржы бөлінген жағдайда кірісеміз. Тұрғынымыз айтқандай, ол жерге қоғамдық кеңістік қажет», - дейді Сарыарқа ауданының әкімі.