Алтай Көлгінов: 2020 жылы елордада 173 көше жөнделді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов: 2020 жылы елордада 173 көше жөнделді
ашық дереккөз

«2020 жылы елордада 173 көше жөнделіп, асфальт төселді. Көшелер салып, жөндеумен қатар, көпірлер де салу қажет. Олар көлік көп жүретін жол учаскелерін босатуға біршама көмектеседі. Әрине, бұл қалалықтардың жүру уақытын қысқартады. Мәселен, тек былтыр елордада екі көпір салынды. Бірі Нұра-Есіл арнасы, ал екіншісі – Есіл өзені арқылы өтеді. Бұл Ұлы дала және Ж.Нәжімеденов көшелерінің қосылуы Мәңгілік ел даңғылына түсетін салмақты 30 пайызға азайтады», – деді елорда әкімі.