Елордада ПТР зертханаларының саны көбейді - Алтай Көлгінов
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Бір жылдың ішінде біздің дәрігерлер үлкен еңбек етті. Мемлекеттің тарапынан медицина саласына үлкен қолдау көрсетілді. Президенттің тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлердің жалақысы көтеріліп, үстемақы берілді. Тікелей індетпен күресте медицина қызметкерлеріне қазіргі уақытқа дейін қолдау жалғасуда. Біздің медициналық жүйе едәуір жаңғыртылды. Көптеген жаңа медициналық жабдықтар алынды. Карантиннің ең алғаш басталған күндері бізде ПТР тест өтетін зертхана біреу ғана болатын. Ол кезде қиындықтар болды. Тесттің нәтижесін 3-4 күн күтуге тура келді. Бірақ тез арада министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдар бірлесіп жасаған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта зертханалардың саны 23-ке дейін жетті. Бұрын 50 мыңға жуық тест өткізетін болса, қазіргі уақытта 100 мыңға дейін тест өткізуге мүмкіндік зор. Зертхананың күніне 12 мыңға дейін зерттеу жүргізуге қауқары бар», - деді А.Көлгінов.
Алтын Салық
Ұқсас жаңалықтар