Елордада алдағы 5 жылда 50 мектеп салынады – Алтай Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада алдағы 5 жылда 50 мектеп салынады – Алтай Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112364318898952.webp)
Сонымен қатар ол 2019 жылы 6 мектептің құрылысы аяқталғанын, ал 2020 жылы оның екі есеге көбейтілгенін атап өтті. «Бірақ бұл да жеткіліксіз. Себебі бізде үш ауысымды және нормадан тыс көп балалар оқитын мектептер бар. Әрине, бұл білім сапасына өз әсерін тигізбей қоймайды. 2020 жылы үш ауысымды мектептер саны 8-ден 4-ке, яғни екі есеге азайтылды. Сол сияқты нормадан тыс балалар көп оқитын мектептер саны 22-ден 14-ке азайтылды. Егер осы жерден тоқтап қалсақ, бұл мектептердің барлығы қайтадан үш ауысымға көшетін түрі бар. Сондықтан биыл 15 мектептің құрылысын жүргізудеміз. Ол екі ауысымда 40 мың орынды қамтитын болады. Ал алдағы 5 жылда 50 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс бақылауымызда тұр», – деді Алтай Көлгінов.