Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112365131978660.webp)
Сондай-ақ, 2021 жылы елордада Елбасының бастамасымен басталған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана» бағдарламасы жалғасады. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жас азамат үйлі болады. Елорда әкімінің тапсырмасымен тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін артты, «Шаңырақ» (5-10-20) баспана сертификаттарын алушылар санатын кеңейту бастамасы көтерілді: егер бұрын тізімге халықтың әлеуметтік осал тобының 3 санаты ғана кірсе, енді барлық 9 санаты кіретін болды. Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандардың жақын маңда болуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында медицина мекемелері, оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер, полиция пунктері мен т.б. ашылып жатыр.