«Мұқағали Мақатаевқа арнау»: Елордалық жастар ақиық ақынның 90 жылдығын атап өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Мұқағали Мақатаевқа арнау»: Елордалық жастар ақиық ақынның 90 жылдығын атап өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112372828072840.webp)
Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің Мұқағали Мақатаевқа арнаған шығармалары оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сондай-ақ осыған дейін инстаграм әлеуметтік желісі арқылы өткен онлайн сайыстың жеңімпаздары анықталды.
«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара биік тұлға, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 90 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке әрбір қазақтың шаңырағында мереке деп ойлаймыз. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өздерінің сиясы кеппеген өлең жырларын ақынға арнап, сіздерге ұсынып отыр. Шара негізінен Мақатаевтың 90 жылдығына арналған инстасайыс ретінде жарияланған болатын. Қазіргі таңда бұл сайысқа 200-300-ге жуық жасөспірім атсалысып, соның ішінде 30-ға жуық қана қатысушы іріктеліп алынды», - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.
Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласы Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ақұлан Тастемір мен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдибаева қатысты.
Шара барысында Мұқағали Мақатевтың қызы Алмагүл апа мен немересі Розаның құттықтау бейнежазбасы көрсетілді.
Ақынға жыр жолдарын арнаған жеңімпаз жастарға арнайы сыйақылар мен сертификаттар табысталды.