Елордада «Арманым көп, аз өмірім жетер ме?» атты әдеби кеш өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Арманым көп, аз өмірім жетер ме?» атты әдеби кеш өтті
ашық дереккөз

Әдеби кешке кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, әдеби-мәдени жетістіктері, сондай-ақ үзеңгілес достарының естелік әңгімелері кеңінен айтылды. «Сәбит Досановтың жаны – ақын, жалауы – жыр. Оның поэтикалық палитрасы көркем прозада публицистикалық қуат пен романтикалық рең арасында құбылғанмен, шығарманың өн бойындағы сезім мен сенім адам жанын баурап, өмірдің өзіндей болып көрініп, қарапайым сөзбен көңіліңе сәуле түсіреді. Ұлтқа тән ұялас тақырыптар оның шығармашылығының басты қырларының бірі. Жазушының «Жиырмасыншы ғасыр» эпопеясы өткен ғасырдың өмірбаяны. Мұндағы кейіпкер – ХХ ғасырдағы қазақ ұлты. Оның тағдыр-талайы, бастан кешкен баяны, қилы кезеңі, көрген қорлығы, бастан кешкен зорлығы, мың өліп, мың тірілген жанкештілігі, сатқындық пен аярлықтың көңіл суытқан көріністері, үміт пен күдік, арман мен аңсар, мұң мен зар – қазақ деген халықтың ұлттық портреті», - делінген ақпаратта.