Сенаторлар дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын қарады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенаторлар дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын қарады
ашық дереккөз

Заң жобасы дипломатиялық қызмет органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар мен коллизияларды жоюға, Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің заңды мәртебесін бекітуге, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналы мен ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған. Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына қосымша түзетулер енгізу ұсынып отыр. Мәселен, сенаторлар дипломатия саласы қызметкерлерінің жеке пайдалануына арналған заттар мен техниканы жіберу үшін дипломатиялық поштаны пайдалану мүмкіндігін болдырмау қажет деп санайды. Депутаттар сондай-ақ құқықтық олқылықтарды реттеуді қамтамасыз ететін бірқатар ережелерді нақтылады. Құжат Палатаның қарауына жіберілді.