Елордада «Алтайдың айтағалы жыршысы» атты әдеби кездесу өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Алтайдың айтағалы жыршысы» атты әдеби кездесу өтті
ашық дереккөз

Автордың «Көңіл төріндегі тұлғалар» жинағында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен жазушы, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Әлібек Асқаровпен қатар қызмет жасаған ардагер ағалары, зиялы әріптестері мен қаламдас замандастары жайында әр жылдары жазылған мақалалары, ой-толғамдары мен естеліктері топтастырылған. «Фолиант» баспасы бұл кітапты жазушының 70 жас мерейтойына арнап шығарды. [caption id="attachment_63289" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Ал «Алтайда алтын күз еді» атты екінші кітабы көрнекті жазушының бүгінгі күн тақырыбына арналған жаңа шығармасы. Алтайдың бұл туындысы бұған дейінгі дүниелерінен бөлекше. Өзіндік нәзік өрнекпен, жаңаша көркемдік тәсілмен бүгінгі жастардың түсінік-пайымына лайықталып, соңы леппен жазылған прозалық поэмасы. Повесте асқақ сенім, мөлдір махаббат арқылы қайсыбір заманда да өзінен бұрын отбасылының береке-бірлігін ойлайтын қазақ әйелінің образы айшықталады. [caption id="attachment_63293" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бейбіт Мамраев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Абай Тасболатов, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Білім және ғылым вице-министрі Рахметқажы Берсімбаев, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. [caption id="attachment_63291" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] [caption id="attachment_63292" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Әлібек Асылбайұлы Асқаров 1951 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Алматы көркем сурет училищесінің кітап безендіру бөлімшесін, ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Оның туындылары бояу қанықтығымен, табиғатты кейіптеудегі нәзік нақыштарымен ерекшеленеді.