Александр Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Александр Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды
ашық дереккөз

Қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй - Алекс Лоусонмен бас жүлдені сарапқа салды. Бұдан бұрын Анталияда өткен дәл осындай жарыста А.Недовесов пен Д.Молчанов жұбы чемпион атанған болатын. Сол доданың бастапқы кездесуінде олар америкалық жұпты екі сетте ұтқан еді. Бұл жолы бірінші партияда тоғызыншы геймде Недовесов пен Молчанов брейк жасай алды - 6:4. Екінші сетте қарсыластар брейкпен алмасып, кездесу тағдыры тай-брейкте қазақстандық-украиналық жұптың пайдасына шешілді - 7:6 (7:2). Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. Осылайша Недовесов пен Молчанов Анталияда қатарынан екі турнирде жеңімпаз атанды. Бұл қазақстандық теннисшінің челленджер жарыстарындағы 17-інші жеңісі еді.