ESPN Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегі өтетін күнді атады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Алайда Головкиннің мексикалық спортшы Хайме Мунгиямен мамыр айында жоспарланған айқасында басым түсуі мұның міндетті шарты болып отыр. Аталған жұдырықтасудың жеңімпазы рингте Альвареске қарсы шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. «Егер Головкин (Мунгиямен айқаста) жеңсе, қыркүйекте «Канеломен» үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қол жеткізеді, ал егер Хайме жеңсе, бұл болашақта «Канелоға» қарсы шыға алатын жаңа жұлдыздың жанғаны», - деп жазды журналист Сальвадор Родригес. Головкин-Мунгия арасындағы жекпе-жектің өткізілуіне боксшылардың тараптары да, DAZN стримингтік қызметі де қызығушылық танытып отыр.
Ұқсас жаңалықтар