Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды
ашық дереккөз

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік белгілі теннисші Вера Звонаревамен кездеседі. Сондай-ақ Юлия Путинцева алғашқы айналымда америкалық, US Open турнирінің 2017 жылғы чемпионы Слоан Стивенспен, Зарина Дияс словениялық Тамара Зиданшекпен, Ярослава Шведова италиялық Камила Джорджимен шеберлік байқасады. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик словениялық Аляж Беденемен кортқа шығады. Ал Михаил Кукушкин US Open турнирінің 2020 жылғы жеңімпазы, әлемнің 3-ракеткасы, аустриялық Доминик Тиммен күш сынасады. Аустралия ашық чемпионаты 8 ақпанда басталып, 21-інде мәреге жетеді.