Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингісінде төртінші орынға көтерілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингісінде төртінші орынға көтерілді
ашық дереккөз

УЕФА құрамаларының жаңартылған рейтингісінде Португалия командасы бірінші орыннан үшінші орынға сырғыды. ТОП-3 құрамына Испания, Ресей және Португалия енген. Футзалдан УЕФА рейтингі: 1. Испания — 2229,843; 2. Ресей — 2115,118; 3. Португалия — 2080,605; 4. Қазақстан — 2097,180; 5. Әзербайжан — 2018,718. Қазақстан құрамасы Еуро-2022 іріктеуінде көрсеткен жақсы ойыннан кейін осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Еске сала кетейік, қазақстандықтар Венгрияны жеңген болатын (5:0).