Алтай Көлгінов «Интернациональный» тұрғын алабында атқарылуы тиіс жұмыстар туралы айтты
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Интернациональный» тұрғын алабында мен жаңа жылдың алдында ғана болдым. Ол жерде бірқатар шешілмеген мәселе бар. Жол жөндеуді биылғы жоспарға енгізіп отырмыз. Жарықтандыру мәселесі де бақылауымызда. Дегенмен былтырғы есеп беру кездесуден кейін бірқатар көшеге жарықтандыру жүргізілді. Сол сияқты интернет мәселесі бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Ал өзекті мәселелердің бірі – канализация. Бірақ бұл мәселе бойынша да жобалар әзірленуде. Бұл мәселелердің барлығы бақылауымызда. Алайда мектеп мәселесі туралы бірінші рет естіп тұрмын. Біз ол жерлерді тағы зерттеп көрейік. Содан соң тез арада шешім қабылдайтын боламыз», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар