«Южный» тұрғын үй кешенінің маңындағы гараждар сүріледі – Алтай Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Южный» тұрғын үй кешенінің маңындағы гараждар сүріледі – Алтай Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721123780302409.webp)
Есеп беру жиыны кезінде сөз алған Алматы ауданының тұрғыны Қанай Айтжанұлы: «Южный» тұрғын үй кешенінің жанындағы гараждарды бұзу тоқтап қалды. Бұл жұмыс алда жалғаса ма?», - деген сұрақ қойды. Бұл сұраққа жауап берген Алтай Көлгінов мұндағы гараждардың барлығы сүрілетінін айтты. «Өйткені ол бас жоспарға сай келмейді. Инвесторлар тарапынан бірқатар ұсыныс бар. Олар сол жерге тұрғын үй кешенін салуы мүмкін. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы да әлеуметтік нысандар салынады деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыспен қалалық жылжымайтын мүлік мекемесі жұмыс жүргізеді. Әр гараждың өзіндік құны бар. Оны сарапшылар бағалайды. Тиісінше сіздерге өтемақы беріледі», - деді әкім. Осы ретте елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов бұл жұмысты бақылауға алатынын жеткізді.