Алматы ауданында газдандыру жобасы қалай жүргізілуде – аудан әкімінің жауабы
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алматы ауданында газдандыру жобасы қалай жүргізілуде – аудан әкімінің жауабы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112380910185151.webp)
ашық дереккөз
«Елбасының бастамасымен қолға алынған газдандыру жобасы жөніндегі жұмыстар Алматы ауданында жүйелі түрде жүргізілуде. «Теміржолшылар» тұрғын алабында желілер құрылысы 100 пайызға аяқталды. Үйлерге газ беру 2020 жылдың 14 қарашасында басталды. Желі монтажы 58 үйге жүргізіліп, оның 44-і газға қосылды. 14-іне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол сияқты алты әлеуметтік нысанға да желі монтажы жүргізілуде. Осы ақпан айының соңында аяқталады деп күтілуде. «Өндіріс» тұрғын алабында да 100 пайызға аяқталды. Ал «Оңтүстік-Шығыс», «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» тұрғын алаптарында тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетеміз. Үйлерге газ тарту бағасын 30 пайызға төмендету жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта газ тарту бағасы жабдықты есептемегенде 120-150 теңге көлемінде. Оның бұрынғы бағасы 200 мың теңгеден аса болған. Егер қосымша сұрақтар мен өтініштер болса, Жабаев, 12, Шалкөде, 3 мекенжайларындағы фронт-кеңселерге баруға болады. Тұрғындардың жайлылығы үшін «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» тұрғын алаптарынан да фронт-кеңселер ашуды жоспарлап отырмыз. Газ біріншіден, күнделікті от жағудан босатып, көмірді қадағалаудан, артық жұмыстан босатады. Сонымен қатар газ экологияға пайдалы», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар