БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шотына 112,3 млрд астам теңге аударды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шотына 112,3 млрд астам теңге аударды
ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары 2021 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді. Қағидаларға сәйкес, жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Азаматтардың өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді.