АӨСШК-ке Қазақстан төрағалығының басымдықтарын іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді
Хатшылықтың жұмысымен танысу барысында АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай қазақстандық төрағалық кезеңіндегі Хатшылық қызметіндегі негізгі басымдықтар туралы баяндап, АӨСШК сенім шаралары каталогын іске асыруға бағытталған 2021 жылға жоспарланған іс-шараларға дайындық барысы туралы хабардар етті. Тараптар 2022 жылы Кеңестің 30 жылдығына орайластыра Саммитті өткізу мәселесі бойынша пікір алмасты. М.Нұртілеу Азиядағы көпжақты ынтымақтастықтың тиімді алаңы ретінде АӨСШК жүйелі дамуы мен Кеңестің беделін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, Хатшылықтың қызметіне жоғары баға берді. Іс-шара соңында Ш.Нұрышев пен Қ.Сарыбай АӨСШК Хатшылығының Қазақстан Республикасының 2020-2022 жылдары АӨСШК-ке төрағалық ету тұжырымдамасының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасын бекетті. Құжат қазақстандық төрағалықтың алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін практикалық тұрғыдан жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.