Былтыр Байқоңыр ауданында 4 400 шам жарық диодты шамдарға ауыстырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр Байқоңыр ауданында 4 400 шам жарық диодты шамдарға ауыстырылды
ашық дереккөз

«Тұрғындардың түнгі уақытта қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін ауданда жарықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта 2020 жылы тұрғын үй алаптарын қоса алғанда ауданның 75 көшесінде 4 400 шам жарық диодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. "Өндіріс" тұрғын алабында 25 көшеде 410 дана, "Кирпичный" тұрғын алабында 15 көшеде - 350 дана, "Казгородок" тұрғын алабында 8 көше жарықтандырылды. Сондай-ақ бұрын көше жарығы болмаған 35 көшеде жарықтандыру құралдары бойынша жұмыстар аяқталды. "Қоянды" саяжайында жарықтандыру мәселесі шешілді. Сонымен қатар тұрғындардың пікіріне құлақ асу мақсатында әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда «Сіздің көшеңіз жарықтандырылды ма?» деген сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде аудан тұрғындарының пікірін ескере келе 6 көшені жарықпен қамтамасыз ету жұмыс жоспары құрылды. Алдағы таңда көшелер мен аула ішіндегі аумақтарды жарықтандыру мәселесі Байқоңыр ауданы бойынша толық шешіледі», - деді ол.

Алтын Салық