Келесі жылы «Кирпичный» тұрғын алабында жөнделмеген көше қалмайды – Нұрсағатов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Келесі жылы «Кирпичный» тұрғын алабында жөнделмеген көше қалмайды – Нұрсағатов
ашық дереккөз

«Ауданда жалпы ұзындығы 219 км құрайтын 216 көше орнласқан. 2020 жылы ауданның 45 көшесінде орташа жөндеу жүргізілді. Соның ішінде «Өндіріс» тұрғын алабында 2020 жылы 23 көшеге асфальт төселсе, биыл 7 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Ал «Кирпичный» тұрғын алабы бойынша былтыр 8 көше жөнделсе, биыл тағы 4 көшеге жөндеу жүргізіледі. Ал келесі жылы «Кирпичный» тұрғын алабында жөндеуден өтпеген көше қалмайды. «Казгородок» ықшам ауданында былтыр екі көше жөнделсе, бір көше биыл, тағы бір көше келесі жылы жөнделеді», – деді Нұрбол Нұрсағатов.