Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112387744327879.webp)
ашық дереккөз
Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты. Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар