Алтай Көлгінов №59 мектептің жүктемесін жеңілдету үшін қандай жұмыстар жүргізілетінін айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов №59 мектептің жүктемесін жеңілдету үшін қандай жұмыстар жүргізілетінін айтты
ашық дереккөз

«№59 мектеп 1 200 орынға шақталған. Яғни ауысым бойынша 2 400 оқушы білім алуы керек. Алайда бұл білім ошағында, менің естуімше, 4 мыңнан аса оқушы білім алуда. Бұл мектеп үш ауысымды жүктемесі ауыр мектептердің бірі. Жалпы, бұған дейін қалада үш ауысымды 8 мектеп болса, біз оның санын екі есеге азайттық. Яғни қазіргі уақытта олардың саны – 4. Соның бірі – осы №59 мектеп. Әрине, ондай жерде білім сапасы төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан біз бұл мәселені шешудің екі жолын қарастырып отырмыз. Оның екеуін де жүзеге асырамыз. Оның біріншісі – осы мектептің жанынан 600 орындық қосымша ғимарат салынады. Онда екі ауысымда 1 200 оқушы білім алатын болады. Екіншісі – сол маңдағы көп жылдан бері бос тұрған жерге тағы бір мектеп салынады. Сонымен, №59 мектептің жүктемесі жеңілдейді. Айта кетсек, осы ауданда 3 мың орындық қосымша білім беретін Оқушылар сарайының ғимараты да салынатын болады», - деді Алтай Көлгінов.