Газдандыру жұмысы жоспарға сай жүргізілуде – Алтай Көлгінов
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Газдандыру жобасы – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» бойынша қолға алынған ауқымды жоба. Қазіргі уақытта бұл жоба Президенттің тікелей бақылауында. Жалпы, газдандыру бойынша мың шақырымнан аса газ құбыры Нұр-Сұлтанға жеткізілді. 2019-2020 жылдары қаланың ішкі желілеріне 300 шақырым газ құбыры тартылды. Ол Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық» тұрғын алаптары. Бұл аумақта 130 мың тұрғын тұрады. Сонымен қатар Алматы ауданындағы «Өндіріс», «Теміржолшылар», «Күйгенжар», «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алаптарында былтыр жартылай жұмыс жүргізілді. Биыл бұл жұмыстар аяқталатын болады. Қазіргі таңда әр үйге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін ЖЭО-ның төрт сумен жылыту қазандығы газға қосылды. Қалған қазандықтарды газға биыл қосу жұмыстарын аяқтау жоспарда бар. Ал Есіл ауданындағы «Үркер», «Тельман», «Пригородный» тұрғын алаптарында газ 2023 жылы тартылатын болады. Қаржы бөлініп, мердігерлер анықталған. Барлығы кезең кезеңмен жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Газдандыруға толықтай көшкен кезде елорданың экологиясы едәуір жақсаратын болады», - деді Алтай Көлгінов.
Ұқсас жаңалықтар