Әлемнің бірқатар елінің өнерпаздары қазақтың «Самалтау» әнін орындауда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әлемнің бірқатар елінің өнерпаздары қазақтың «Самалтау» әнін орындауда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112386311750951.webp)
Димаш «Самалтау» әнін 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында өткен «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінің жабылуында алғаш рет орындады. Әртістің өзі үшін де, бүкіл қазақ халқы үшін де маңызды, мазмұны терең композиция қазір оның шығармашылығын сүйетіндер арасында ең сүйікті әндердің бірі болып саналады. 27 қаңтарда Димаштың Еуразиялық фан-клубының украиналық бөлімшесінен шыққан жанкүйерлер «Самалтау» әнінің әдемі әрі керемет әсерлі каверін жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=2HZVFnxWFJ0 Украин тіліндегі «Самалтау» әнінің нұсқасын Ирина Веретка Казмирчуктің жетекшілігімен «Archangels» вокалдық ансамблі орындады. Ол Димаштың орындауындағы әнді алғаш естігенде, оның тереңдігі мен әсерлілігіне таң қалғанын айтады. «Самалтау» әні Иринаны осы туындының өз ана тіліндегі нұсқасын жасауға шабыттандырды. Ирина өз интерпретациясын дайындағаннан кейін, қазақстандық әріптестеріне жүгінді. Музыкант Дина Ниязова Иринаға ноталарды тапқан дирижер Мербол Құспановпен байланысуға көмектесті, ал композитор Ғалымжан Берекешев оларды хорға өңдеуге көмектесті. Украин тіліне бейімдеу үшін мәтінді Ирина Веретка Казмирчук өзі жазды. Нәтижесінде көптеген қызықты пікірлер алған композиция пайда болды. Дәл сол 27 қаңтар күні Димаштың тағы бір жанкүйері – скрипкашы Сан Шен «Самалтау» әніне жасаған каверін ұсынды. Қазақстандық әншінің бұл туындыны алғаш рет орындағанын естігенде, ол дауысының қарқындылығы мен терең эмоционалдылығына тамсанды. Бұл Сан Шенге қазақтың халық әнін скрипкада орындау туралы шешім қабылдауына әсер етті. https://www.youtube.com/watch?v=WxEoLcUY0ro Скрипкашы Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігіне өзінің каверін сыйға тартты, олар осындай бағалы сыйлықты қуана қабылдады. Сондай-ақ итальяндық әнші Фабио Касале композиция ұнағаны соншалық, мүлде білмейтініне қарамастан бұл әнді қазақ тілінде орындағысы келді. https://www.youtube.com/watch?v=itoFuhIArWA&feature=emb_logo «Димаштың орындауындағы «Самалтау» әнін Токио джаз фестивалінде алғаш рет естідім. Алғашқы ноталардан бастап мені әннің қайғылы атмосферасы баурап алды. Мен сөздерді түсінбесем де, бұл соғыс туралы ән екенін бірден сезіндім. Осылайша, Димаштың орындауынан шабыт алып, осы әннің жеке нұсқасын жасағым келетінін түсіндім», – деп бөлісті Фабио.