Қазақстандық теннисші Анталия турнирінің екінші айналымына шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші Анталия турнирінің екінші айналымына шықты
ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 237-орында тұрған аргентиналық Факундо Менамен өткізді. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Попко 1 сағат 46 минутқа созылған матчта 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол екі рет эйс жасап, төрт мәрте брейкке қол жеткізді. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 127-інші, осы доданың 6-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Факундо Багниспен күш сынасады. Қазақстандық теннисші биыл жарақатына байланысты жарыстарға, соның ішінде Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысына қатыса алмай, рейтингідегі орны төмендеп кеткен болатын. Д.Попко екінші айналымға шығу арқылы 730 АҚШ долларын тауып, Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісі үшін 7 ұпайға қол жеткізді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Мельбурн турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.