Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөз

"Қала тұрғындарымен кездесуді тоқтатпаймыз. Кешке қарай санитарлық талаптарды сақтай отырып, Есіл ауданының тұрғындарымен кездестім. Қала тұрғындары - құрылысы созылып кеткен нысандарды аяқтау, әлеуметтік нысандар салу, жол құрылысы, абаттандыру, елдімекендерді дамыту, апатты үйлерді сүру, ТКШ жаңғырту және сол сияқты 60-тан аса мәселе көтерді. Тұрғындар өзекті мәселелерді айтып қана қоймай, елорданы дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп те жатты. 2020 жылы бұл ауданда көп жұмыс жасалды. Мәселен, тек осы ауданда былтыр 3 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ бірқатар білім беру нысандарының құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен салынып жатқандары бар", - деп жазды қала әкімі. 

[caption id="attachment_62178" align="alignnone" width="800"] фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] Сонымен қатар ол медициналық мекемелер салу мәселесі туындап отырғанын, ауданда бір ғана емхана орналасқанын, биыл жеке инвестициялар есебінен тағы бір үлкен емхана ашылатынын атап өтті. әБалаларға қосымша білім беру үшін биыл екінші Оқушылар сарайының құрылысын бастаймыз. Балалардың жан-жақты дамуы маңызды. Жол салуда да көп жұмыс жасалды. 26 көше жөнделді, оның ішінде бұрын асфальт болмаған елдімекендер қамтылды; қала тұрғындарының өтініші бойынша жаңа автобус маршруттары іске қосылды; жылы аялдамалар, көше шамдары орнатылды; ауданды көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар 30-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік, ооның ішінде "Пригородный", "Үркер", "Тельман" тұрғын алаптары абаттандырылды. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындардың пікірін ескере отырып дамып келеді. Президент мұрындық болған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қарым-қатынасты күшейту үшін, азаматтарды қабылдау, есептік кездесулер мен жұмыс сапарларын тұрақты негізде өткізетін боламыз. Тұрғындардың сұрақтары бақылауға алынды", - Алтай Көлгінов.