Аймақтық жоғары оқу орындары нақты критерийлер бойынша іріктелетін болады – Асхат Аймағамбетов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Аймақтық жоғары оқу орындары нақты критерийлер бойынша іріктелетін болады – Асхат Аймағамбетов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112379336711403.webp)
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі күшейтілді. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген болатын. Енді академиялық және басқарушылық еркіндік қазақстандық колледждерге де беріледі. «Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге, білім сапасын арттыруға, оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сол арқылы түлектер тезірек жұмысқа орналаса алады», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Колледждерге академиялық еркіндік беру – кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз етіп, оқу орындарының жұмыс берушілермен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімдері мен траекториясын айқындауға мүмкіндік береді.