Ләззат Ибрагимова: enpf-otbasybank.kz порталында қосымша функциялар пайда болады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ләззат Ибрагимова: enpf-otbasybank.kz порталында қосымша функциялар пайда болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112384614227125.webp)
ашық дереккөз
«Бүгінге дейін 50 мыңнан аса салымшының өтінімі мақұлданып, олардың арнайы шоттарына қаржы аудару процесі жүргізілуде. Жалпы, порталдың жұмысына қатысты тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілер арқылы түрлі ұсыныстар болып жатыр. Соған сәйкес, алдағы уақытта enpf-otbasybank.kz порталында қосымша функциялар пайда болады. Мысалы, тұрғындардың бірқатары өтінімдеріне түзету енгізісі келетінін айтты. Яғни олар басында өтінімге зейнетақы қорынан қаржыны кредиттерін жабуға сұраса, артынша басқа ипотека рәсімдеуге жұмсайтын болып шешкенін айтады. Сондықтан олар өтінімдеріне бірден өзгеріс енгізгісі келеді. Тағы бір топ өтінімдерін қайтып алмақ. Яғни кейбір азаматтар өтінімді өздерінің зейнетақы қорындағы қаржы мөлшерін тексеру мақсатында жіберген. Енді олар қаржы өз орнында қалуы үшін өтінімнің күшін жойғысы келеді. Тұрғындар ұсынысы бойынша осы сияқты бірнеше жаңа функциялар жақын арада енгізіледі», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар