Димаш Құдайбергеннің «Golden» атты жаңа музыкалық бейнебаяны жарыққа шықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Димаш Құдайбергеннің «Golden» атты жаңа музыкалық бейнебаяны жарыққа шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112388723827509.webp)
Бейнероликтің режиссері – New York Film Academy-де білім алған, қазақстандық және ресейлік жобаларда тәжірибесі бар Олжас Баялбаев. Ал бейнебаян картинасына Димашпен бұрын «Qairan Elim» музыкалық бейнебаянында жұмыс істеген белгілі қазақстандық қоюшы оператор Азамат Дулатов жауапты болған. «Golden» сюжеті сценарийші Әлібек Әбдіхалыққа сеніп тапсырылыпты. Оның мазмұнын Димаш бейнебаянның сипаттамасында былай деп жазды: «Екі белгісіз адам ірі ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік шабуыл жасады. Көптеген азаматтардың шағымдарына сүйенсек, бұл ұйымның беделі күмән туғызды. Батыл бұзу салдарынан осы қаржы бизнесмендерінің барлық шоттары жойылды. Сол кеште бұрын алаяқтардың алдауының құрбаны болған азаматтардың карталарына жасырын көзден ақша түсе бастады. Мүмкін, тонау мен әділеттілікті қалпына келтірудің артында сол адамдар тұр». Естеріңізге сала кетсек, Golden музыкалық композициясын барлық музыкалық ағынды платформаларда тыңдауға және сатып алуға қол жетімді: Spotify, Amazon Music, iTunes, YouTube Music, Deezer, Yandex және т.б. "Golden" әніне арналған бейнебаян қазақстандық орындаушының шығармашылығындағы форматы бойынша бұрын-соңды болмаған жаңа жұмыс болды", - делінген ақпаратта. https://www.youtube.com/watch?v=Ahwm4J6UQxg