Ресей мен Түркияға тұрақты рейстерді ұлғайтуға рұқсат берілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ресей мен Түркияға тұрақты рейстерді ұлғайтуға рұқсат берілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112389414341086.webp)
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылдың 28 қаңтарындағы шешіміне сәйкес Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья – Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалатын болады.
Рейстер санитария-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.