МӘМС жүйесінде 200 мыңнан астам астаналық сақтандырылмаған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
МӘМС жүйесінде 200 мыңнан астам астаналық сақтандырылмаған
ашық дереккөз

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында: тұрғындар саны 1 179 953 (ҚР бойынша - 18 852 802), олардың ішінде 645 007 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғындардың 55%-на жуық, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. 380 265 - жалдамалы жұмыскерлер; 115 921 - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтіндер; бірыңғай жиынтық төлем бойынша жарна аударғандар - 134 737; өз бетінше жарна төлейтіндер саны - 20 076. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындар саны - 966 204, сақтандырылмағандар – 213 749. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 58 млрд теңгеден асады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 27,7 млрд теңгеден аса жарна аударған. «Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 33 585 ШОБ субъектілері тіркелген, олардың ішінде 20 107 - ақпараттық жүйеде өз деректерін жаңартқан, ал 13 478 - ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі жаңартпаған. Шағын және орта бизнес өкілдері әр айдың 25-іне дейін жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) msb.fms.kz сілтемесі бойынша "Saqtandyry" ақпараттық жүйесіне енгізіп, жаңартып отыруы тиіс. Деректер уақытылы енгізілмеген жағдайда, қызметкерлер сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жүгіне алмауы мүмкін» - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.