БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына 49 миллиардтан астам теңге аударды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына 49 миллиардтан астам теңге аударды
ашық дереккөз

Осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні, 2021 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан Қорға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банкі» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49,2 млрд теңгеге 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома «Отбасы банкі» АҚ-ға салымшылардың арнайы шоттарына одан әрі мақсатты пайдалану үшін аударылды. Азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және арнайы шотқа ақша түскеннен кейін осы мәселелер бойынша БЖЗҚ-ға жекелеген өтініштер талап етілмейді.