Тимур Мұратов кімдерге вакцина қабылдауға болмайтынын айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тимур Мұратов кімдерге вакцина қабылдауға болмайтынын айтты
ашық дереккөз

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан кезең-кезеңмен өткізу процесі бүгіннен басталды. Оған 18-ден 64 жасқа дейінгі азаматтар қатысады. Олардың саны – елорда бойынша 735 мың адам. Вакцинация ерікті түрде және тегін жүргізіледі. Ал медициналық мекемелердің есебінде тұрған азаматтар вакцина қабылдамайды. Сонымен қатар коронавирус инфекциясымен ауырғандар мен олармен байланыста болғандарға карантин аяқталғанша екпе салынбайды. Айта кету керек, вакцинациядан бұрын пациенттерге антиденеге тексеріс жүргізіледі. Екінші қайтара ауырғандарға екпені қабылдау жазылып шыққаннан кейін алты айдан соң денсаулығына қарай ұсынылады», - деді ол.