Өзімді жақсы сезініп тұрмын, басым айналған жоқ – елорданың бас дәрігері екпеден кейін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өзімді жақсы сезініп тұрмын, басым айналған жоқ – елорданың бас дәрігері екпеден кейін
ашық дереккөз

«Мен қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Екпенің ешқандай кері әсерін сезінген жоқпын. Басым айналып тұрған жоқ. Жалпы, дәрігер ретінде екпеге, медициналық препараттарға ешқашан күдікпен қараған емеспін. Барлық препараттар дәлелденген жүйеде жасалған. Қолданысқа енгізілген дәрілердің барлығы тек қана адамның денсаулығын нығайту үшін жасалады», - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар басқарма басшысы неліктен ресейлік вакцинаны қабылдағанын айтып өтті. «Мәселе, ресейлік немесе қазақстандық вакцинада емес. Қаланың бас дәрігері ретінде қызмет барысында маған түрлі тәуекелге баруға тура келеді. Сондықтан ең алғашқылардың бірі болып осы екпені қабылдап отырмын» , - деді Тимур Мұратов. Оның айтуынша, ақпан айында 7 мыңға жуық елордалық медицина қызметкерлері екпе қабылдайды. Ал осы апта ішінде олардың екі мыңға жуығы вакцина қабылдайды деп жоспарланып отыр.