Жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөз

Қайрат Қамбаров еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында бас маман қызметінен бастаған. Әр жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, елорданың Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылды құрайды. Қайрат Қамбаров меритократия принципіне сәйкес қалалық әкімдік бөлімінің маманынан аудан әкімі аппаратының басшысына дейін қызмет еткен тәжірибелі маман.