Біз қабылдаған дәрумен емес, вакцина– Ажар Ғиният

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Біз қабылдаған дәрумен емес, вакцина– Ажар Ғиният
ашық дереккөз

«Бұл дәрумен емес. Қоғамда осындай сенімсіздік туындағандықтан, бізге еккен вакцинаны журналистердің көздерінше тоңазытқыштан шығарып, қорабынан алды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы 300, жалпы республика бойынша 1 500 медицина қызметкері екпе қабылдайды. Өйткені әрбір медицина қызметкері жұмыс барысында әріптестеріне өзара қауіп туғызбау керектігін түсінеді. Сонымен қатар пациенттердің денсаулығына да зиян тигізбеу керек. Медицина қызметкерлері күнделікті вируспен ұшырасады», - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр вакцинаның екінші дозасын 21 күннен кейін, яғни 22 ақпан күні қабылдайтынын атап өтті. «Екі аптадан бастап менің ағзамда антиденелер пайда бола бастайды. Ал вакцинаның екінші дозасы менің иммунитетімді одан әрі жақсарта түседі», - деді Ажар Ғиният.